Электронные билеты / Автовокзал Сапаржай
Автовокзал Сапаржай
электронды

Билеттерді сатып алу

Автобусқа билет сатып алу өте оңай!

Әр жолаушының ТАӘ көрсете отырып, автобус кестесі арқылы билеттерге тапсырыс беріңіз.
Билеттерді төлеңіз.
Төлем тәсілдері
Автобусқа мінген кезде бақылаушыға жеке басыңызды куәландыратын құжатты ғана көрсетіңіз.

Электронды билет дегеніміз не?

Электронды билет – бұл кәдімгі билеттің қазіргі заманғы түрі. Қазіргі таңда бұл жолаушылар үшін билетті сатып алудың ең қолайлы түрі. Электронды билет – тек атаулы болып табылады және сапар мен жолаушы туралы барлық мәліметтер автовокзалдың электронды мәліметтер базасында сақталады. Сондықтан қағаз билет түрі қазір қажет емес, оның орнына автобусқа мінген кезде жолаушы бақылаушыға жеке басын куәландыратын кез келген құжатты (жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т.б.) көрсетеді.

Электронды билетті қалай сатып алуға болады?

Электронды билет сатып алу үшін, автобустар кестесі арқылы орынды брондау қажет, сол кезде әрбір жолаушының ТАӘ көрсетіңіз, содан кейін өзіңізге қолайлы тәсілмен билет сатып алыңыз. Толығырақ ақпаратты «тапсырысты қалай төлеуге болады» сайтының тарауынан білуге болады.

Неге электронды билетті сатып алған дұрыс?

  Уақыт пен ақшаны үнемдейсіз

Автобустағы бос орындар тез таусылып қалады және кәдімгі қағаз билетті сатып алу үшін, жөнелту күнінен бірнеше күн бұрын автовокзалға келу керек. Электронды билет осы проблеманы шешеді – оны интернет арқылы сатып алып, автовокзалға автобустың жөнелтілу алдында ғана келесіз.

  Кассада ешқандай кезекте тұрмайсыз!

Электронды билеттерді дәл осы жерден және дәл қазір сатып ала аласыз, ол үшін бір минут қана жұмсайсыз

  Билетті ешқашан жоғалтып алмайсыз

Қағаз билет қажет емес, өйткені сіздің тегіңіз бен сапарыңыз жөніндегі барлық мәліметтер отырғызу тізбесінде көрсетілген. Автобусқа отырғызу кезінде бақылаушыға өз жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсету жеткілікті.

  Бұл қауіпсіз

Сайттағы кесте дәл әрі нақты, ал жүйе ретіне келтіріп, ешқандай ақаусыз жұмыс істейді. Күнделікті жүздеген адамдар электронды билеттерді сатып алып сапар шегуде және осы қызметтің қолайлылығына көз жеткізуде.

  Бұл шынымен қолайлы!

Автобус салонынан орын таңдау мүмкіндігі. Билеттерді ҚР кез келген қаласынан сатып алуға болады. Біз сіздің осы қызметке деген сеніміңізді бағалаймыз, электронды билеті бар әрбір жолаушыны отырғызу платформасында күтеміз

  Сұрақтарыңыз бар ма?

Электронды билеттер туралы толығырақ мәліметті ережелерден оқып немесе кері байланыс үлгісі арқылы бізге көкейіңіздегі сұрақты қоя аласыз.